Ұлттық тағамдарымыз 2028 жылға қарай экспортта 50-80 млн долларға жетуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақ халқы үшін ұлттық тағамдар тек мерекелік дастарқанмен шектелмейді. Қазы, қымыз, құрт, бауырсақ сияқты дәстүрлі өнімдер күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігі. Бүгінде бұл гастрономиялық мәдениет біртіндеп ел шекарасынан асып, Қазақстанның экспорттық әлеуетінің маңызды бағыттарының біріне айналып келеді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі жазды.