СЕМЕЙ. KAZINFORM — Семей қаласының орталығындағы бір ғасырдан астам уақыт бұрын салынған бұрынғы зооветеринарлық институттың ғимараты талай жыл бойы тозып тұр. Енді бұл сәулет өнерінің ескерткіші қалыпқа келтірілетіндігі белгілі болды. Оның жаңа бейнесі қандай болады, ішінде не орналасады? Бұл сауалдардың жауабын Kazinform тілшісі біліп көрді.