Шын мәнінде жанашыр ұрпақ қана елдің көркеюіне мол үлес қоса алады — Тоқаев
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуде сөз сөйлеп, еліміздің келешегі — отаншыл, жасампаз, жауапкершілігі мол жастардың қолында екенін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.