Дәстүр мен инновация үйлесімі: Алматы облысында Наурыз жаңа форматта тойланды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы облысында Ұлыстың ұлы күні «Digital Nauryz» бағдарламасы аясында жаңа форматта аталып өтті. Негізгі шара Қонаев қаласында ұйымдастырылды. Жасанды интеллект пен цифрлық мүмкіндіктер кеңінен қолданылып, мейрам мазмұны жаңа деңгейге көтерілді.