Путин мамырда мемлекеттік сапармен Қазақстанға барады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинмен телефонмен сөйлесті. Бұл жөнінде Ақорда хабарлады. Әңгіме барысында Путин Тоқаевты жаңа Конституциясын қабылдау бойынша жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен құттықтаған. Екі басшы "өзара қарым-қатынастың күн тәртібін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жоспарлаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды нығайту...