АСТАНА. KAZINFORM – Астанада Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы аясында «Байқоңыр» ауданындағы Ататүрік саябағында ерекше әрі әсерлі іс-шара өтті. Көктемнің жаңаруымен астасқан мереке күні 5 жас жұптың некесі салтанатты түрде қиылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.