Астанада Наурыз мейрамы ауқымды түрде аталып өтіп, дәстүр мен заманауи технологияның үйлесімімен қала тұрғындарын таңғалдырды. Елордада жарқын алаңдар, интерактивті киіз үйлер, цифрлық экспозициялар және жасанды интеллект элементтері бар ерекше ойын-сауықтар ұйымдастырылды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті.