Түркістанда өткен көкпар додасы елге ерекше көңіл-күй сыйлады

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан қаласында өткен көкпардан әлем чемпионаты тек спорттық бәсеке ғана емес, ұлттық рухты асқақтатқан айтулы оқиға ретінде есте қалды. Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған дүбірлі дода ел ішінде ерекше серпіліс туғызып, көкпардың қоғамдағы маңызын тағы бір мәрте айқындады.