Иран тарихындағы ең ірі банкнота айналымға шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Иран тарихында ең үлкен номиналды банкнота – 10 миллион риал ($7,6) – айналымға шығарылды. Бұл шешім қолма-қол ақшаның сұранысының күрт өсуіне байланысты қабылданды. Ақпаратты Белта агенттігі басылымы Financial Times газетіне сілтеме жасап хабарлады.