Бәсекелестік ережесін бұзған микроқаржы ұйымына шара қолданылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «R-Finance» микроқаржы ұйымы» ЖШС әрекеттерінде жосықсыз бәсекелестік белгілерін анықтады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлім етті.