Германияда 23 наурыз күні жалпыұлттық ереуілге байланысты дәріханалар жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – 23 наурыз күні тұтас Германия аумағында дәріханалар өз қызметкерлерінің жалпыұлттық ереуіліне байланысты уақытша жабылады. Шамамен 160 мыңнан астам адам бұл ереуілге қатысатыны белгілі болды. Бұл туралы Bild басылымы хабарлады.