Ақмола және СҚО құтқарушылары су тасқыны жағдайын бағалады

АСТАНА. KAZINFORM — Су тасқыны жағдайын бағалау аясында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары гарнизондарының басшылары жұмыс кеңесін өткізіп, Селеті су қоймасынан су жіберілуі мүмкін аймақта орналасқан су басу қаупі бар елді мекендерге әуеден шолу жүргізді.