Атырауда Наурыз мейрамы кең көлемде тойланды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атыраудағы Исатай мен Махамбет атындағы алаңға 25 мыңнан астам тұрғын жиналып, Наурыз мейрамын тойлады. Қонақтарға арналып 30-ға жуық ақшаңқан үй тігіліп, олардың әрқайсысы қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптеді. Мерекеге келгендер ұлттық тағамдардан дәм татып, қолөнер шеберлері мен отандық кәсіпкерлер ұсынған өнімдермен танысты.