Германия мен Жапония әскери ынтымақтастықты кеңейтпек

АСТАНА. KAZINFORM — Германия Жапониямен қорғаныс байланыстарын тереңдетуге ниетті. Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус екі ел әскерлерінің өзара аумақта болуын айтарлықтай жеңілдететін өзара қол жеткізу туралы келісімге (Reciprocal Access Agreement — RAA) қол қоюды ұсынды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Брюссельдегі меншікті тілшісі.