АСТАНА. KAZINFORM – Қытай ми–компьютер интерфейсі (МКИ) саласындағы алғашқы инвазивті өнімді коммерциялық қолдануды ресми түрде мақұлдады. Әзірлеуші компанияның мәліметінше, бұл — әлемде клиникалық қолдану кезеңіне өткен алғашқы инвазивті медициналық МКИ құрылғысы, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі .