ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Қарағанды облысы ТЖД-нің 112 пультіне полициядан Шахтинск қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде тұрмыстық газ баллонынан газ-ауа қоспасының жарылысы болғаны туралы хабар түсті. Оқиға салдарынан 8 адам зардап шекті, оның ішінде 5-еуі полиция қызметкері, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.