Шахтинскіде газ жарылып, 8 адам зардап шекті, бесеуі - полицей

Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, сегіз адам жапа шекті. Жараланғандардың бесеуі – тұрғындар шақыруымен оқиға орнына жеткен полиция қызметкері. Бұл жөнінде төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Ресми мәлімет бойынша өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялаған. Тағы бірнеше адамды төтенше жағдай қызметі жоғарғы қабаттан түсірген. Тұрғындарға вахталық авткөлікте жылыту орны ұйымдастырылған. Оқиға орнынан...