24KZ
Қазақстанда антитеррорлық ауқымды әскери оқу-жаттығу басталды. 5–30 маусым аралығында республикалық деңгейдегі «Найза-Антитеррор-2026» оқу-жаттығуы өтеді. Жолдар жабылып, шектеулер енгізілуі мүмкін.Осыған байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті азаматтарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға және ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды, деп хабарлайды «24KZ». ҚР ҰҚК Антитеррорлық орталығының мәліметінше, оқу-жаттығу ел аумағында терроризмге қарсы іс-қимыл жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында ұйымдастырылып отыр. «2026 жылғы 5–30 маусым аралығында Қазақстан Республикасының аумағында ҚР ҰҚК Антитеррорлық орталығының үйлестіруімен “Найза-Антитеррор-2026” оқу-антитеррорлық іс-шарасы өткізілуде», – делінген ресми хабарламада. Ведомство өкілдері оқу-жаттығу кезеңінде кейбір өңірлерде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін екенін ескертті. Осыған байланысты тұрғындардан енгізілетін шараларға түсіністікпен қарауға шақырады. Сондай-ақ азаматтарға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындау, тек ресми ақпарат көздеріне сүйену ұсынылды. Бұдан бөлек, жалған немесе расталмаған мәліметтерді таратудан бас тарту қажеттігі ескертілді. Мамандар кез келген күмәнді ақпаратты тексеріп, ресми дереккөздер арқылы ғана мәлімет алуға кеңес береді. Сондай-ақ азаматтарға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындау, тек ресми ақпарат көздеріне сүйену ұсынылды. Бұдан бөлек, жалған немесе расталмаған мәліметтерді таратудан бас тарту қажеттігі айтылды.
Go to News Site