24KZ
Алматы облысында трансұлттық қылмыстық тобының мүшелеріне қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды «24KZ». Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты синтетикалық есірткі заттарын өндірумен және өткізумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамындағы 7 шетел азаматына қатысты үкім айтты. Полиция қызметкерлері 3 жасырын есірткі зертханасын анықтады. Тінту барысында заңсыз айналымнан 90 кг астам дайын синтетикалық психотроптық заттар, 1 тоннадан астам прекурсорлар мен химиялық компоненттер, сондай-ақ оларды дайындауға арналған құрал-жабдықтар тәркіленді. Мамандардың бағалауынша, тәркіленген заттардың «қара нарықтағы» құны 1,5 млрд теңгеден асады. Сот оларға 19 жылдан 20 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, сотталғандарға тиесілі 3 тұрғын үй мен автокөліктер мемлекет кірісіне тәркіленді. «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Go to News Site