24KZ
Алматыдағы Көк базар маңында ірі жол-көлік оқиғасы орын алып, 5 адам ауруханаға түсті. Іске қосылмай қалған Audi көлігін от алдыруға көмектеспек болған тұрғындардың әрекеті қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды «24KZ» . Қайғылы оқиға бүгін, 2026 жылдың 9 маусымында таңғы сағат 08:20-да Медеу ауданында болған. Нақтырақ айтқанда, Көк базар маңындағы Зенков көшесінің бойында. Бұл аумақта көше саудасы сауда сы дамығандықтан, адамдар тікелей көліктерден сауда жасап тұрған. Куәгерлердің айтуынша, сатып алушылар жол жиегінде тұрған көліктердің бірінен тауар қарап тұрған. Осы сәтте Зенков көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан Audi 80 автокөлігі өшіп қалған. Жолда қалған жүргізушіге айналадағы адамдар көмектеспек болып, көлікті итереді. Көлік от алады, алайда жүргізуші рөлге ие бола алмай, машина бірден алға қарай жұлқынып, сауда жасап тұрған қалың топқа қарай атылған. Адамдарды соққан Audi мұнымен тоқтамай, жол жиегінде тұрған Toyota Granvia микроавтобусына барып соғылған. Соққы пәрменінен Toyota орнынан қозғалып, жанында тұрған Subaru Impreza көлігін соққан. Бақытқа орай, апат сәтінде Toyota мен Subaru иелері салонда болмаған, сыртта тұрған. Audi жүргізушісі де ешқандай жарақат алмаған. Ресми ақпаратқа сәйкес, жол апаты салдарынан 5 жаяу жүргінші зардап шекті . Олардың барлығына оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған факті бойынша тексеру амалдарын бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы, кінәлі жүргізушінің тұлғасы және апатқа не себеп болғаны анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Go to News Site