24KZ
Қазақстанда жыл басынан бері сталкинг және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты 41 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың 11 мыңнан астамы қамауға алынды, деп хабарлайды « 24KZ ». Бұл туралы Ішкі істер министрі Санжар Әділов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, 2026 жылы сот 9200 агрессорға қатысты ерекше талаптар белгілеген. Оның ішінде 8300 адамға алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салынған. Сондай-ақ белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін 10 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылып, оларға міндетті психокоррекциялық бағдарламалар тағайындалған. «Сот шешімімен 9,2 мың агрессордың мінез-құлқына арнайы талаптар белгіленді. Оның ішінде 8,3 мың адамға алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салынды.Белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін 10 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды.Соттың шешімімен олардың барлығына міндетті психокоррекциялық бағдарламалар тағайындалды.«Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» жаңа заң аясында 1928 адамға ресми ескерту берілді», - деді Санжар Әділов. Сонымен қатар, Жаңа заң аясында 1928 адамға ресми ескерту жасалып, 49 құқық бұзушыға жәбірленушілерге жақындауға тыйым салынды. «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен қудалау туралы әрбір өтініш Ішкі істер министрлігінің күнделікті бақылауында», – деді министр. СОндай ақ, жыл басынан бері дағдарыс орталықтарына 2400-ден астам адам жіберілген. Қазір республика бойынша 158 дағдарыс орталығы жұмыс істейді.
Go to News Site