24KZ
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров АҚШ-тағы шетелдік оқу-жаттығу жиынына аттанды, деп хабарлайды «24KZ» . «Алдымызда өте тығыз әрі нәтижелі ай күтіп тұр», – деп жазды Шайдоров Instagram желісіндегі сторисінде. Сондай-ақ, ол Ирвайн қаласындағы (Калифорния штаты, АҚШ) Great Park Ice мұз айдынының жанында түскен суретін жариялады. Бұған дейін Михаил АҚШ-та танымал бапкер Рафаэль Арутюнянмен кездесуді және белгілі канадалық хореограф Ше-Линн Бурнмен бірге жұмыс істеуді жоспарлап отырғанын айтқан болатын. Өткен айда Михаил Шайдоров үлкен резонанс тудырған сұхбат берген еді. Онда спортшы 2026 жылғы Олимпиададағы сенсациялық жеңісінен кейін өзіне жалақы төленбей келгенін және жаңа маусымға дайындық шығындары өтелмегенін ашық айтқан. Осы мәлімдемеден кейін ҚР Спорт және туризм министрлігі фигуристпен жаңа келісімшартқа отырғанын және мәселенің оңтайлы шешілгенін жариялады.
Go to News Site