Collector
Giriş Yap
Димаштың әлемді таңғалдырған концерті енді деректі фильмге айналды | Collector
Димаштың әлемді таңғалдырған концерті енді деректі фильмге айналды

Димаштың әлемді таңғалдырған концерті енді деректі фильмге айналды

Димаш Құдайберген АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы әйгілі Madison Square Garden аренасында өткен тарихи концерті туралы деректі фильмнің трейлерін ұсынды, деп хабарлайды «24KZ». Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Фильм «Before The Applause: The Dream of Dimash Qudaibergen» ( «Жеңіс сәтіне дейін: Димаш Құдайбергеннің арманы» ) деп аталады. Жоба өнер иесінің әлемдік деңгейдегі сахнаға дейінгі жолын, дайындық процесін және концерт кезіндегі ерекше сәттерін қамтиды. Айта кетейік, 2025 жылдың 5 қазанында Димаш Құдайберген Қазақстан мен ТМД елдері арасынан алғаш болып Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden сахнасында жеке концерт өткіз ген болатын. Бұл тарихи шоу оның Stranger Tour гастрольдік туры аясында өт ті. Сондықтан, деректі  фильмде сахна сыртындағы сәттер, арманға жету жолы, сондай-ақ әншінің отбасы, командасы, музыканттары және көрермендерімен бірге өткерген эмоциялары мен әсерлі сәттері көрсетілмек. «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Go to News Site