Collector
Giriş Yap
БЖЗҚ: 20 жастағылар үшін жеткіліктілік шегі неге 6 млн теңгеден асады? | Collector
БЖЗҚ: 20 жастағылар үшін жеткіліктілік шегі неге 6 млн теңгеден асады?

БЖЗҚ: 20 жастағылар үшін жеткіліктілік шегі неге 6 млн теңгеден асады?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 20 жастағы азаматтар үшін ең төменгі жеткіліктілік шегінің неге 6 млн теңгеден асатынын түсіндірді, деп хабарлайды «24KZ» Қордың мәліметінше, бұл көрсеткіш адамның қазіргі табысына емес, болашақта алатын зейнетақысының мөлшеріне қарай есептеледі. Яғни жеткіліктілік шегі – азаматтың қартайған шағында ең төменгі әлеуметтік стандарттарға сай зейнетақы алуына қажетті жинақ көлемі. БЖЗҚ мамандарының айтуынша, жас кезде аударылған зейнетақы жарналары ұзақ уақыт бойы инвестицияланып, қосымша табыс әкеледі. Сондықтан еңбек жолының басында жиналған қаражат болашақ зейнетақының қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді. Мысалы, 20 жастағы адамның зейнетке шығуына шамамен 40 жыл уақыт бар. Осы кезеңде жинақтар инвестициялық кіріс есебінен ұлғайып отырады. Сол себепті бұл жастағы азаматтар үшін жеткіліктілік шегінің жоғары болуы қалыпты жағдай саналады. Қордың түсіндіруінше, тіпті азамат кейін зейнетақы жарналарын аударуды тоқтатса да, шотында жеткілікті қаражат болса, инвестициялық табыс оның болашақ зейнетақысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. БЖЗҚ мәліметіне сәйкес, жеткіліктілік шегі болашақтағы зейнетақы төлемдерінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету мақсатында есептеледі. Бұл ретте халықаралық стандарттарға сай зейнетақы көлемі адамның еңбек табысының кемінде 40%-ын алмастыруы тиіс. «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Go to News Site