Collector
Giriş Yap
Жазғы демалыс қайғылы аяқталды: Қарағанды облысында қыз бала суға батып кетті | Collector
Жазғы демалыс қайғылы аяқталды: Қарағанды облысында қыз бала суға батып кетті

Жазғы демалыс қайғылы аяқталды: Қарағанды облысында қыз бала суға батып кетті

Қарағанды облысы Көкпекті ауылында 2011 жылы туған қыз бала суға батып кетті, деп хабарлайды «24KZ». Бір топ жасөспірім Көкпекті өзеніне барған. Ересектер өз ісімен айналысып жатқанда, балалар суға түсуге кеткен. Бір сәтте қыздардың бірі су астына кетіп, көрінбей қалған. Оқиға куәгерлері құтқарушыларды шақырған. Қызметкерлер жедел түрде іздестіру жұмыстарына кірісті. Оқушы қыздың денесі жағадан шамамен 20 метр қашықтықта төрт метр тереңдіктен табылды. «Қайғылы оқиғаның шомылуға тыйым салынған жерде болғаны ерекше алаңдаушылық туғызады. Бұл учаскеде тиісті ескерту белгісі орнатылған. Ол жазғы каникул басталғанға дейін, 2 маусымда қойылған. Сондай-ақ каникул қарсаңында оқушылармен су айдындарындағы қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар жүргізілді. Алайда кезекті жазатайым оқиға балалар ересектердің қарауынсыз қалғанда, ескертулер жеткіліксіз болатынын көрсетеді», - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі. «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Go to News Site