Collector
Giriş Yap
Өзбекстанда төрт аяғы бар сәби дүниеге келді | Collector
Өзбекстанда төрт аяғы бар сәби дүниеге келді

Өзбекстанда төрт аяғы бар сәби дүниеге келді

Өзбекстанның Сұрхандария облысында сирек кездесетін даму ерекшелігі бар сәби дүниеге келді, деп хабарлайды «24KZ» 1chi.uz Telegram арнасына сілтеме жасап. Ұл бала 28 сәуірде Шерабат ауданында туған. Келесі күні ол Самарқанд облыстық балалар көпсалалы медициналық орталығына жеткізілген. Дәрігерлер нәрестеде бірнеше туа біткен даму ақауы бар екенін, сондай-ақ бітісіп туған егіздер синдромын анықтаған. Соның салдарынан сәбиде қосымша төменгі дене бөлігі мен төрт аяқ болған. Мамандар екі күрделі ота жасап, артық аяқ тарды алып тастаған. Дәрігерлердің айтуынша, олардың екеуі толық дамымаған әрі қимылсыз болған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты. Алдағы уақытта оған тағы бірнеше операция жасалуы мүмкін. Медицина мамандары мұндай патология кезінде өмір сүру көрсеткіші төмен болатынын айтады. Соған қарамастан, дәрігерлер сәбидің өмірін сақтап қалу үшін барлық мүмкіндікті қолданып жатқанын жеткізді. «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Go to News Site