24KZ
FlyArystan әуе компаниясы Атырау – Батуми – Атырау бағытында жаңа халықаралық рейсті іске қосады, деп хабарлайды «24KZ». Рейстер 2026 жылғы 14 шілде мен 25 тамыз аралығында әр сейсенбі сайын орындалады. Билет құны 46 мың теңгеден басталады, жолаушыларға 7 кг-ға дейін қолжүк тегін қарастырылған. Айта кетейік, бұл – Атыраудан Грузияға ашылған екінші тікелей бағыт. Бұған дейін Кутаиси қаласына рейстер іске қосылған болатын. Батуми – Қара теңіз жағалауындағы танымал туристік қала. «24KZ» Telegram-арнасын а жазылыңыз
Go to News Site