Kazinform
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда «Таза парақтан» салықтық рақымшылық бағдарламасы аясында микро және шағын бизнеске жататын 67 мыңнан астам кәсіпкер өсімпұлдар мен айыппұлдарын есептен шығара алады. Бұл үшін кәсіпкерлер 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша негізгі салық берешегін толық өтеуі керек. Қарызды өтеудің соңғы мерзімі – 2026 жылғы 31 наурыз. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Go to News Site