Kazinform
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік кірістер комитеті микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ) қатысты жүргізілген тексеру нәтижелерін жариялады. Тексеріс барысында 4 МҚҰ бойынша «кепілдік» шарттары аясында жалпы айналым 55,9 млрд теңге болғаны анықталды. Сонымен қатар төленбеген қосылған құн салығының (ҚҚС) сомасы 6,1 млрд теңгені құрады. Бұл мәліметтер апелляциялық тәртіпте және сот органдарымен расталды.
Go to News Site