Kazinform
АСТАНА. KAZINFORM - Цин императоры Цяньлун 1773 жылы желтоқсан айында Әскери қызмет амбанына (маньчжур тілінде: министр, уәзір) жазған хатында «Абылайдың баласын сарай қызметіне жіберсем деген (өтініші) туралы айтар болсам, қазірше бұның қажеті жоқ. (Абылайға айтыңдар) Қазақтар астанадан тым шалғайда, шешек шықпаған баланың ішкі аймақта ұзақ тұруы ыңғайсыз, онан гөрі ұлдарының бірін алдағы бірнеше жылдың ішінде астананы зиярат етуге жібергені жөн болар. Абылайдың ұлы Әділ сұлтан астанаға келе жатыр, ол қабылдауымды өтінсе, оған да бетпе-бет айтармын. Бұл жарлығымды (Іленің әскери губернаторы) Элтоға да жеткізіп, хабардар етіңдер» дейді.
Go to News Site