Азаттық Радиосы
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Польшада “тыңшылық” күдігіне ілінген қазақстандықты босатуға көмектесті. Бұл жөнінде президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады. “Польша Республикасының аумағында бұған дейін тұтқындалған Қазақстан азаматы биыл 28 сәуірде бостандыққа шыққаны белгілі. Мұндай нәтижеге Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан азаматтарын, соның ішінде шетелдегі отандастарымыздың құқығы мен мүддесін дәйекті түрде қорғауының арқасында қол жеткізілді” деп жазды...
Go to News Site