Caravan
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың импортты алмастыру және отандық дәрілік заттар өндірісінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС арасындағы өндірістік қуаттарды салу және жаңғырту жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. The post Қазақстан Үкіметі Қарағанды облысында құны 42,5 млрд теңге болатын фармацевтикалық зауыт салу жобасын мақұлдады appeared first on kaz.caravan.kz .
Go to News Site