24KZ
Қанат Айтбаев «Парасат» орденімен марапатталды, деп хабарлайды « 24KZ ». Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында белгілі композитор, продюсер және «ДимашАли» шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаев «Парасат» орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыс етті. «Парасат» ордені елімізде ғылым, мәдениет, әдебиет пен өнер салаларын дамытуға сіңірген айрықша еңбегі, сондай-ақ мемлекеттің рухани және зияткерлік әлеуетін нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін беріледі. Марапат Қанат Айтбаевтың отандық мәдениет пен өнерді дамытуға, сондай-ақ қазақ музыкасын халықаралық деңгейде насихаттауға қосқан үлесі үшін берілді. Ресми салтанатты рәсімге қатыса алмағандықтан, орден иесіне арнайы жұмыс кездесуі барысында табысталды.
Go to News Site