24KZ
Астанада көші-қон заңнамасын бұзудың 364 дерегі анықталды, деп хабарлайды «24KZ». ҚР ІІМ мәліметінше, олардың ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 298 шетел азаматы ұсталды. Сонымен қатар шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау және олардың болуына қатысты көші-қон заңнамасын бұзған Қазақстанның 44 азаматы, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 22 жұмыс беруші анықталды. Бұдан бөлек, бұған дейін ел аумағынан шығарылғанымен, сот шешімін орындамаған 6 шетел азаматы анықталып, мәжбүрлі түрде елден шығарылды. Аталған құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық қарастырылған. Сот шешімімен 43 шетел азаматын ел аумағынан шығару туралы қаулы қабылданды. «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Go to News Site