Collector
Giriş Yap
Жақсылық Омар ісінен кейін ШҚО әкімі отставкаға өтініш берді | Collector
Жақсылық Омар ісінен кейін ШҚО әкімі отставкаға өтініш берді

Жақсылық Омар ісінен кейін ШҚО әкімі отставкаға өтініш берді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңір әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот үкімі күшіне енгеннен кейін отставкаға кету туралы өтініш берді, деп хабарлайды «24KZ». Заң бойынша, егер шенеуніктің қарамағындағы адам сыбайлас жемқорлық үшін сотталса, мұндай рәсім қарастырылған. ШҚО әкімінің кеңесшісі Лаура Жакупова мұндай өтініш берілгенін, алайда оны қанағаттандырудан бас тартылғанын хабарлады. -Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов белгіленген тәртіппен отставкаға кету туралы өтініш берді. Өтінішті қарау қорытындысы бойынша іске қатысы жоқтығын ескере отырып, оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды, – деді ол. Өңір басшысының жұмысы штаттық режимде жалғасуда, деді әкімдік өкілдері. «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Go to News Site