Collector
Giriş Yap
Жылдам табыс уәдесі: Қарағандыда қаржы пирамидаларының жолы кесілді | Collector
Жылдам табыс уәдесі: Қарағандыда қаржы пирамидаларының жолы кесілді

Жылдам табыс уәдесі: Қарағандыда қаржы пирамидаларының жолы кесілді

Қарағандыда қаржы пирамидаларына қатысты 3 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды «24KZ». Тергеу облыс прокуратурасының үйлестіруімен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тарапынан жүргізілуде. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, заңсыз қаржылық схемаға 400-ден астам салымшы тартылған. Бұған дейін, 2025 жылы осы санат бойынша 4 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелген. Заңсыз әрекеттердің салдарынан 50-ден астам азамат зардап шегіп, келтірілген жалпы материалдық залал 67 миллион теңгеден асқан. Мысалы, Қарағанды облысы аумағында қызмет еткен «Takorp» қаржы пирамидасының заңсыз әрекеті анықталған. Ұйымдастырушылар азаматтарға салынған қаражаттың 100 пайызға дейін жылдам табыс табуға болатынын уәде етіп, оларды тартқан. Төлемдер жүйесі жаңа қатысушыларды тарту және олардың белсенділігіне байланысты жүзеге асырылған. Тергеу барысында күдіктілерден 32 мың АҚШ долларынан астам сомаға криптовалютаға тыйым салынды. Сот үкімімен азамат «М» Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы 2-бөлігінің 1) және 4) тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Қарағанды облысының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға шақырып, кепілдендірілген жоғары табыс туралы уәделерге сенбеуге, сондай-ақ қаражат салмас бұрын ұйымдардың заңдылығын мұқият тексеруге кеңес береді. «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Go to News Site