Қазақстан туризм саласын серпітуге бағытталған ауқымды жұмыстарды бастады. Қазіргі уақытта елімізде жалпы құны 1,3 триллион теңге болатын 328 инвестициялық жоба қолға алынып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды « 24KZ ». ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша салаға серпін беретін бұл жобалар 10 мыңға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтуға жол ашады. «Туризм саласының тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруда инвестициялар тарту маңызды. Бүгінде бұл бағытта нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Іске асырылған инвестициялық жобалардың қатарында Алматы облысындағы инвестиция көлемі 57 млрд теңгені құрайтын «Oi-Qaragai» тау курорты, Қонаев қаласындағы құны 11 млрд теңге сомадағы «ASP Arena» спорттық-ойын-сауық кешені, құны 2 млрд теңге «PetroRetail PFS» көпфункционалды жол бойы сервис нысаны бар. Аталған нысандардың пайдалануға берілуі туристік инфрақұрылымды нығайтуға, сервистің сапасын арттыруға және өңірлердің туристік әлеуетін кеңейтуге ықпал етеді», — деді Е. Мырзабосынов. Жобалар аясында ел аумағында халықаралық стандарттарға сай 25 қонақ үйді пайдалануға беру жоспарланған. Сала мамандарының айтуынша, Hilton және Marriott секілді әлемдік брендтердің келуі Қазақстандағы қонақ үй нарығының деңгейін көтеріп, елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруы мүмкін. Жалпы алғанда, бұл жобалар Қазақстанның туристік әлеуетін арттырып, елді халықаралық деңгейдегі тартымды бағыттардың біріне айналдыруға мүмкіндік береді. Hilton және Marriott желілерінің ауқымды жобалары 2027 жылдың соңына дейін іске қосылу жоспарланып отыр.
Go to News Site
The Astana Times
Tengrinews
SPORTS
SPORTS
SPORTS
SPORTS
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ
24KZ