Collector
Giriş Yap
15 жасар қызға «жыныстық қысым көрсетті» деп айыпталған атасы мектеп автобусының жүргізушісі болып шықты | Collector
15 жасар қызға «жыныстық қысым көрсетті» деп айыпталған атасы мектеп автобусының жүргізушісі болып шықты

15 жасар қызға «жыныстық қысым көрсетті» деп айыпталған атасы мектеп автобусының жүргізушісі болып шықты

Алматы облысында 15 жасар жасөспірім қыз өгей әкесінің әкесінен (атасы) тарапынан жыныстық сипаттағы қысымға тап болғанын мәлімдеді. Тәртіп сақшылары аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды «24KZ». Алматы облысында 62 жастағы ер адам бірнеше ай бойы 15 жасар қызға тиісіп жүрген. Жасөспірім анасы түнгі ауысымға жұмысқа кеткен кезде, атасының оның бөлмесіне жиі кіретінін айтып берді. Менің төсімнен және бөксемнен ұстайтын. Мойнымнан сүйетін кездері де болды. Бірде мен ыдыс жуып жатқанымда, атам мені шақырып алды. Кейін маған жалаңаш әйелдер мен еркектердің видеосын көрсетті. "Міне қара, бұлар сеңің қатарластарың" деді. Мен ашуланып, сіңлімді алдым да, кешке дейін далада жүрдік», – деді зардап шеккен қыз КТК телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында. Мәлім болғандай, күдікті азамат қыздың туған атасы емес, анасының екінші күйеуінің әкесі болып шықты. Әйелдің бірінші некесінен екі баласы, ал екінші некесінен бір кішкентай қызы бар. Қазіргі уақытта ол төртінші перзентіне аяғы ауыр. Зардап шеккен қыздың анасы бұл жағдайдан хабардар болғанда өз құлағына өзі сенбегенін, тіпті қызы өзін қорғау үшін жастығының астына пышақ тығып жүруге мәжбүр болғанын айтады. Үлкен қызым айтып берді: үйде бәрі ұйықтап қалғанда, атам көрпенің астына кіріп, оның бөксесінен ұстайды екен. Осыдан кейін ол жастығының астына пышақ қойып жатып жүріпті. Мен жұмыста болғанымда, қайын атам балаға порнография көрсеткен. Мен бәрін жұбайыма айттым. Бірақ ол тыңдағысы да келмей, мені сабап тастады», – деп ағынан жарылды баланың анасы. Қазіргі уақытта жүкті әйел мен оның үш баласын жанашыр жандар уақытша баспанамен қамтамасыз етіп, өз қамқорлығына алған. Ал күдікті азамат әлі де бостандықта жүр. Оның мектеп автобусының жүргізушісі болып жұмыс істейтіні белгілі болды. Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын ресми түрде растады. «Болған оқиғаның барлық мән-жайын объективті түрде анықтауға бағытталған қажетті тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаға қатысушылардың барлығының уәждері мен түсініктемелері мұқият тексеріліп, тиісті процессуалдық әрекеттер тағайындалды», - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі. Сонымен қатар, құзырлы орган өкілдері күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі тергеу амалдарының нәтижесіне сәйкес, заңда белгіленген тәртіппен шешілетінін атап өтті.

Go to News Site