Collector
Giriş Yap
Шавкат Рахмоновтың салмағында күтпеген өзгерістер болды | Collector
Шавкат Рахмоновтың салмағында күтпеген өзгерістер болды

Шавкат Рахмоновтың салмағында күтпеген өзгерістер болды

UFC жартылай орта салмақ рейтингін жаңартты. Жаңартылған тізімде қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жоқ,  деп хабарлайды « 24KZ ». Ұйымның ережесіне сәйкес, ұзақ уақыт бойы жекпе-жек өткізбеген спортшылар рейтингтен уақытша шығарылады. Күтпеген өзгерістер жартылай орта салмақ (77 кг) дивизионында орын алып отыр. Рейтингтің басты қаһарманы бразилиялық файтер Габриэль Бонфим болды. Ол бірден 6 сатыға жоғарылап, үздік бестікке кірген. Осы жеңілістен кейін Белал 7-орынға, ал тағы бір экс-чемпион Leon Edwards 8-орынға төмендеген. Қазіргі чемпион — Islam Makhachev. Ал  Шавкат Рахмонов туралы айтсақ, ол рейтингтен жеңіліп қалғандықтан емес, ұзақ уақыт бойы жекпе-жек өткізбегендіктен шығарылған. UFC белсенділігі төмен файтерлерді рейтингтен уақытша алып тастай алады. Яғни, Шавкат Рахмонов рейтингтен жарақаттары мен ұзақ уақыт октагонға шықпауына байланысты шығарылған. Оның соңғы жекпе-жегі 2024 жылдың желтоқсанында өткен. Дегенмен, рейтингтен шығу оның титулдық мүмкіндігін толық жоймайды. Егер Рахмонов жекпе-жекке оралып, жеңіске жетсе, ол қайтадан рейтингке еніп, чемпиондық бәсекеге қосыла алады.

Go to News Site