Collector
Giriş Yap
Тарихи жаңалық: Маңғыстаудан 1500 жыл бойы жер астында жатқан жәдігер табылды | Collector
Тарихи жаңалық: Маңғыстаудан 1500 жыл бойы жер астында жатқан жәдігер табылды

Тарихи жаңалық: Маңғыстаудан 1500 жыл бойы жер астында жатқан жәдігер табылды

Маңғыстау облысындағы Қарақабақ қалашығында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстары барысында VI ғасырға жататын бірегей қыш құмыра табылды, деп хабарлайды «24KZ». Құнды олжа туралы әлеуметтік желіде археолог Андрей Астафьев мәлімдеді. Алдын ала сараптама нәтижелеріне сәйкес, ыдыс жергілікті қолөнершілер тарапынан жасалған. « 8 маусым күні Қарақабақ қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында бүтін күйінде сақталған құмыра табылды. Зерттеушілердің мәліметінше, бұл ыдыс VI ғасырда жергілікті шеберлердің қолынан шыққан », – деп жазды археолог. Ғалымдардың айтуынша, жәдігерді жан-жақты зерттеу ежелгі қала тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі, дәстүрлері мен қолөнерінің даму деңгейі туралы тың мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Мамандар табылған бұйымның ғылыми маңызы зор екенін атап өтуде. Жәдігер өңірдің тарихи-мәдени мұрасын кешенді зерттеуге қажетті қосымша әрі нақты деректер қорын толықтыруға ықпал етеді. Қарақабақ қалашығы – Маңғыстау облысындағы ең маңызды әрі бірегей археологиялық ескерткіштердің бірі. Таушық ауылының маңында орналасқан көне қала біздің дәуіріміздің I–VI ғасырлары аралығында өмір сүрген. Қарақабақтың ашылуы тарихшылардың өңір туралы көзқарасын түбегейлі өзгертіп, ежелгі Маңғышлақ түбегінде көшпелі мәдениетпен қатар отырықшы қалалық мәдениеттің де дамығанын дәлелдеді. Айта кетейік, қазіргі таңда Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі Қарақабақ қалашығында ғылыми-зерттеу және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Go to News Site