Collector
Giriş Yap
Қазақстанда орташа жалақы 442 мың теңгеге жетті | Collector
Қазақстанда орташа жалақы 442 мың теңгеге жетті

Қазақстанда орташа жалақы 442 мың теңгеге жетті

Қазақстан Үкіметі Мәжілістің жалпы отырысында 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп берді, деп хабарлайды «24KZ». Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, өткен жылы ел экономикасы 6,5%-ға өскен. Өсімге көлік, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі және сауда салалары негізгі үлес қосқан. Соған қарамастан, инфляция 12,3% деңгейінде сақталған. Министр макроэкономикалық көрсеткіштерге де тоқталды. Орташа айлық жалақы 442 мың теңгеге жетіп, жұмыссыздық деңгейі 4,6% шамасында сақталған. Мемлекеттік борыш ЖІӨ-нің 22,8%-ын құрап, белгіленген шекте болғанымен, сыртқы экономикалық факторларға тәуелділік әлі де бар. Ұлттық қор активтері 73,8 млрд АҚШ долларына жеткен. Бюджет кірістерінің орындалуы бойынша министр былай деді: Біріншіден, республикалық бюджеттің кірістері жоспардан 99%-ға орындалып, 21,4 трлн теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджеттің меншікті кірістері трансферттерді есептемегенде 17,5%-ға өсіп, 15,3 трлн теңгеге жетті , – деді Мәди Такиев. Жоспардың толық орындалмауына әсер еткен факторлар да аталды. Министрдің айтуынша: Мұнайдың орташа бағасы 6 АҚШ долларына төмендеп, болжамды 75 доллардан 69 долларға дейін түсті. Сондай-ақ экспорт көлемі 1,7 млрд АҚШ долларына азайды. Бұдан бөлек, геосаяси жағдайға байланысты 134 ірі кәсіпорыннан түсетін салық түсімдері 709 млрд теңгеге немесе 36%-ға қысқарды , – деді министр. Дегенмен, оң динамика да байқалған. Салықтық түсімдер 17,5%-ға өсіп, корпоративтік табыс салығы 24%-ға, қосылған құн салығы 18%-ға артқан. Бұл экономикалық белсенділіктің сақталғанын және салықтық әкімшілендірудің жақсарғанын көрсетеді. Әлеуметтік сала мен инфрақұрылымға да қомақты қаржы бағытталған. 198 мектеп пен 655 медициналық нысан пайдалануға беріліп, 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй салынған. Өңірлерді дамытуға 7,7 трлн теңге, әлеуметтік салаға 9,3 трлн теңге бөлінген. Алдағы кезеңде кіріс базасын әртараптандыру, мұнайға тәуелділікті азайту және бюджет қаражатының тиімділігін арттыруға басымдық берілмек. «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Go to News Site