Collector
Giriş Yap
«Төзім. Сенім. Жеңіс»: Олимпиада чемпионы Елдос Сметов кітап жазды | Collector
«Төзім. Сенім. Жеңіс»: Олимпиада чемпионы Елдос Сметов кітап жазды

«Төзім. Сенім. Жеңіс»: Олимпиада чемпионы Елдос Сметов кітап жазды

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов өзінің алғашқы туындысын оқырман қауымға ұсынды, деп хабарлайды «24KZ». «Бүгін мен үшін ерекше күн. Спорттағы жолым, жеңіліс пен жеңісім, күмән мен сенімім, арман мен мақсатым кітап бетіне түсіп, оқырманға жол тартты», - деп жазды олимпиада чемпионы өзінің Instagram-парақшасында. «Төзім. Сенім. Жеңіс» атты кітап спортшының үлкен спорттағы қиындықтары мен жетістіктерін баяндайды. Бұл кітап – тек мен туралы емес. Бұл – арманына адал болған әрбір жас спортшы туралы. Қандай қиындық кездессе де, мақсатыңа сеніп, еңбектенсең, бәрі мүмкін екенін дәлелдейтін өмір жолы. Осы жолда маған сенген отбасыма, бапкерлеріме, жанкүйерлеріме және әрдайым қолдау көрсеткен барша Қазақстандықтарға алғысымды білдіремін,- деді Елдос Сметов. «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Go to News Site