24KZ
Қостанай облысы Әулиекөл тасжолында болған көлік апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды «24KZ». Жол апаты 9 маусымда Құсмұрын ауылының маңында болған. Mazda және Chevrolet cobalt көліктері соқтығысып, екі адам қаза тапты. Тағы үш адам жарақат алған. Полиция сотқа дейінгі тергеу бастады. «Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән - жайлары мен себептері анықталуда, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады»,- деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Go to News Site