Азаттық Радиосы
Қазақстанда экстрадициялық қамауға алынған шешен азаматы Мансур Мовлаевтың бауыры Зелимхан Мовлаевты Шешенстанда ұрлап әкетіп, азаптаған. Бұл жөнінде Instagram-дағы Мовлаевты қолдау тобы хабарлады. «2026 жылдың мамыр айында ол ауруханаға жеткізілді. Оның тік ішегінде ауыр жарақат болған. Қазіргі кезде ол алған жарақаттан дұрыс отыра да, ұйықтай да алмайды» деп жазылған хабарламада. Зелимхан Мовлаевтың күштеп әкетіліп, азапталғаны жайлы ақпаратты растайтын басқа дереккөз табылмады....
Go to News Site