Collector
Алматыда Ми институты ашылды | Collector
Алматыда  Ми институты ашылды
24KZ

Алматыда Ми институты ашылды

Алматыда Орталық Азиядағы алғашқы Ми институты ашылды, деп хабарлайды « 24KZ ». Институт нейроғылым, когнитивтік технологиялар және адам миының қызметін зерттеу бағыттарын біріктіреді. Мұнда заманауи диагностика және талдау әдістерінің көмегімен адамның ойлау, есте сақтау, сөйлеу және мінез-құлық механизмдері зерттеледі. Осы мақсатта институтта озық зерттеу құралдарымен жабдықталған мамандандырылған зертханалар ашылған. Ғылыми орталықта әртүрлі қолданбалы факультеттерден келген шамамен 20 маман жұмыс істейді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Ми институтының директоры Альмира Құстыбаеваның айтуынша : «Әлемдегі ең күрделі нәрсе – адам миы. Сондықтан миды жан-жақты, түрлі ғылыми тәсілдер арқылы зерттеу қажет. Қазіргі таңда ми – әлі толық зерттелмеген ең күрделі ағза. Ғылым айтарлықтай дамығанымен, біз әлі күнге дейін сананың нақты не екенін толық білмейміз. Сондай-ақ адам мінез-құлқының негізінде қандай тетіктер жатқанын да нақты түсіндіріп бере алмаймыз», деген ойды айтты. Жаңа ғылыми орталық Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында құрылды.

Go to News Site