Collector
Әлем чемпионаты: Хоккейден Қазақстан құрамасы кімдермен ойнайды? | Collector
Әлем чемпионаты: Хоккейден Қазақстан құрамасы кімдермен ойнайды?
24KZ

Әлем чемпионаты: Хоккейден Қазақстан құрамасы кімдермен ойнайды?

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының 2027 жылғы элиталық дивизиондағы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды «24KZ». Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) турнирдің топтық кезеңдерінің құрамын жариялады. Бірінші дивизиондағы жеңістен кейін қазақстандық хоккейшілер қазіргі Олимпиада чемпиондары – АҚШ-пен, 2026 жылғы әлем чемпионатының басты сенсациясы атанған Норвегия құрамасымен, сондай-ақ Канада, Чехия, Словакия, Дания және Венгрия командаларымен күш сынасады. Екінші топта әлемнің қазіргі чемпиондары – Финляндия командасы, сонымен қатар Швейцария, Швеция, Германия, Латвия, Словения және Украина құрамалары ойнайды. 2027 жылғы хоккейден әлем чемпионаты 14-30 мамыр аралығында Германияда өтеді. «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Go to News Site