Collector
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі теңгеге қалай әсер етеді? | Collector
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі теңгеге қалай әсер етеді?
24KZ

Базалық мөлшерлеменің төмендеуі теңгеге қалай әсер етеді?

Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені бірден 1 пайыздық тармаққа төмендетуі валюта нарығында қысқа мерзімді өзгерістерге жол ашуы мүмкін. Сарапшылардың бағалауынша, қазіргі жағдайда доллар бағамы алдағы апталарда 498 теңге деңгейіне дейін көтерілуі ықтимал, деп хабарлайды «24KZ». Экономист, Qazaq Expert Club тең құрылтайшысы Бауыржан Шурмановтың айтуынша, Ұлттық банктің шешімі үшін қажетті макроэкономикалық алғышарттар қалыптасқан. Мамыр айында жылдық инфляция 10,4%-ға дейін баяуласа, халықтың инфляциялық күтулері 12,4–12,7% аралығында тұрақтанған. Сонымен қатар Қазақстанның 2026 жылға арналған жалпы ішкі өнім өсімінің болжамы 4,5–5,5%-ға дейін жақсарып, экономикалық белсенділіктің жоғары деңгейде сақталып отырғанын көрсетеді. Бауыржан Шурмановтың сараптауынша, базалық мөлшерлеменің төмендеуі теңгемен орналастырылған қаржы құралдарының табыстылығын азайтып, олардың инвесторлар үшін тартымдылығын біршама төмендетеді. Қазіргі уақытта доллар бағамы шамамен 490 теңге деңгейінде тұрақтанған жағдайда, бұл қадам ұлттық валютаға орташа қысым көрсетуі ықтимал. Демалыс маусымының басталуы және Ұлттық қордан айырбасталатын қаражат көлемінің қысқаруы аясында алдағы айда USD/KZT бағамының бір доллар үшін 498 теңге деңгейіне қарай жылжуына алғышарттар бар , – дейді экономист. Сарапшының пікірінше, алдағы кезеңде Ұлттық банк күту және бақылау тактикасын ұстануы ықтимал. Реттеуші тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифтерінің, жанар-жағармай бағасының өсуіне және квазимемлекеттік сектор шығындарының артуына байланысты инфляциялық тәуекелдердің сақталып отырғанын атап өтті. Айта кетейік, Ұлттық банктің келесі шешімі 24 шілдеге жоспарланған. «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Go to News Site