Collector
Талғат Байсуфинов қызметінен кете ме?  Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеме жасады | Collector
Талғат Байсуфинов қызметінен кете ме?  Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеме жасады
24KZ

Талғат Байсуфинов қызметінен кете ме?  Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеме жасады

C. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы ресми мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ». Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында бас бапкер Талғат Байсуфинов қызметінен кетеді екен деген ақпарат тараған болатын. Қазақстан футбол федерациясы Талғат Маруаұлы Байсуфиновқа толық қолдау білдіреді және оның кәсіби қызметін, Қазақстан ұлттық құрамасын дамытуға қосқан үлесін, сондай-ақ команданы алдағы матчтар мен турнирлерге дайындау бағытындағы жұмысын жоғары бағалайды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, блогерлерді және әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және қоғамды жаңылыстыруы мүмкін расталмаған ақпаратты таратпауға шақырамыз, - делінген хабарламада. Кадрлық шешімдерге қатысты барлық ақпарат Қазақстан футбол федерациясының ресми коммуникация арналары арқылы ғана жарияланады. «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Go to News Site