Collector
Алматыда адамдарға тас лақтырған жасөспірімдер енді Астананы шулатып жүр | Collector
Алматыда адамдарға тас лақтырған жасөспірімдер енді Астананы шулатып жүр
24KZ

Алматыда адамдарға тас лақтырған жасөспірімдер енді Астананы шулатып жүр

Алматы тұрғындарын шулатқан жасөспірімдер тобы Астанада байқалды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды « 24KZ ». Куәгерлердің айтуынша, оларды елорда көшелерінде және қоғамдық көліктерде көрген. Бұл жөнінде желі қолданушылары түрлі жазбалар қалдырып, жағдайды қызу талқылап жатыр. Аталған оқиға көпшіліктің сынына ұшырады. Әлеуметтік желі қолданушылары бұған дейін тәртіп бұзған жасөспірімдерге қатысты тиісті шаралар қабылданатын туралы  айтылғанын еске салды. Кейбір тұрғындар мұндай оқиғалар құқық қорғау органдарына деген сенімге кері әсер етуі мүмкін екенін айтып, қоғамда резонанс тудырған жағдайларға қатысты жедел әрі ашық түсініктеме берілуі тиіс екенін жеткізуде. Алайда олардың елден шығарылғаны немесе жауапкершілікке тартылғаны туралы нақты ресми ақпарат әлі жарияланған жоқ.

Go to News Site