24KZ
Түркістан облысы, Арыс қаласында болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «24KZ». Алдын ала мәліметтерге сәйкес, JAC маркалы автокөліктің жүргізушісі мас күйінде бірнеше адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция мәліметінше, үш адам қаза тауып, екі адам жарақат алған. Түркістан облысы Полиция департаменті: Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала деректерге сәйкес, жүргізуші мас күйінде бірнеше адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды , — деді полиция өкілдері. Оқиға салдарынан қаза тапқандардың ішінде екі кәмелетке толмаған бала бар. Ал, зардап шеккен екі адам Арыс аудандық ауруханасына жеткізілген. Аудандық аурухана дәрігерлері: « Бір науқас хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр, жағдайы тұрақты. Екінші науқас – кәмелетке толмаған бала, жағдайы тұрақты, қосымша мамандандырылған көмек көрсету үшін облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды », — деп хабарлады дәрігерлер. Мамандардың айтуынша, науқастарға толық көлемде медициналық көмек көрсетілуде. Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу жүргізіп жатыр. «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Go to News Site